МҰСТАПАЕВА БАЛДЫРҒАН

   Балдырған Мұстапаева 1939 жылы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Қараөзек ауылында дүниеге келген. Еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1981). Еңбек жолын 18 жасында Қараөзек бақша өсіру тәжірибе станциясында бастаған. 1960 – 1962 жылдары Қызылорда қаласындағы картон комбинатында жұмыс істеп, 1962 – 1970 жылдары «Қазақстанның 50 жылдығы», 1970 – 1988 жылдары «Шіркейлі» кеңшарларында күріш звеноларында жетекшісі, 1989 – 1990 жылдары жүгері звеносының жетекшісі болды. Әр гектардан 50 центнер дәндік жүгері өндіру жөнінде социалистік жарыс инициаторы болды. Алғашқы жылдың өзінде-ақ Балдырғанның звеносы әр айналымнан 85,6 центнер алса, өзіне бекітілген жерден 101,2 центнер дәндік жүгері өндіріп 1988 жылғы облыс чемпионы атанды. Еңбектегі ерен табысы үшін Б.Мұстапаеваға СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1981 жылғы 19 ақпандағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Еңбек Қызыл Ту (1974), Ленин (1976, 1981) ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған. Есімі Қазақстанның «Алтын кітабына» жазылған.

      Б.Мұстапаева 2006 жылдың маусым айында қайтыс болды.

04 мамыр 2015 ж. 18:28
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: