ХЕ СЕ УН

     Хе Се Ун 1893 жылы Уснуян (Корея) селосында кедей шаруаның отбасында туған. 1901 жылы оның отбасы Росейге көшіп келді. 1929 жылға дейін әкесінің шаруасына көмектесті, кейін сегіз жыл бойы Хабаров өлкесіндегі колхоздарда істеді. 1937 жылдан 1957 жылға дейін жиырма жыл бойы Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Авангард» колхозында еңбек етті. Оның 17 жылында күріш өсірушілер бригадасын басқарды, үш жыл звено жетекшісі болды.

     1948 жылы рекордты өнім — 6 гектардың әрқайсысынан 80,9 центнерден күріш алғаны үшін СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 20 мамырдағы Жарлығымен Хе Се Унға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.


08 мамыр 2015 ж. 11:13
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: