Кітапхананы пайдалану ережесіКітапхана қорлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі болып табылады және мемлекет қорғауында болады.
Кітапханалар кітап қорындағы барлық басылымдармен пайдалануды қоғамдық негізде ұйымдастырады.
Кітапхана Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуын әрі қарай дамыту мақсатында аз кітап қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге тиісті.
Кітапхананы пайдалануға азаматтардың, мекемелер мен ұйымдардық, кәсіпорындардық құқы бар. Кітапхананың жалпыға бірдей қызмет етуін кітапхана бөлімдері жүзеге асырады.
Кітапхананы пайдалану ақысы тегін. Тек қызмет көрсетудің кейбір түрлері ақылы болуы мүмкін, ақылы қызмет көрсетудің түрлері мен мөлшері тәртіп бойынша белгіленген.
2010 жылдың 1 сәуірінен бастап кітапхана ақылы қызметтің мынадай түрлерін көрсете бастады: әдебиеттерден көшірме жасау, ламинаттау, пайдаланушылардың интернет жүйесіне қосылуы, қарыз оқырмандардан айыппұл, пайдаланушылардың өзіндік жұмысына компьютерді ұсыну, кітапхана қорынан құжаттарды сканерлеу, түнгі абонемент.
|