KITAPKHANA.KZ
kz ru

Әбділда Тәжібаев

Әбділда Тәжібаев (1909-1998) - ақын және драматург, филология  ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық  жазушысы.   Ол 1909 жылы Қызылорда (Ақмешіт) қаласында дүниеге келді.  Қызылордадағы жетім балалар интернатында тәрбиеленген. Шымкент қаласындағы жетіжылдық мектепті оқып бітірген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетті (қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет), Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген.  Еңбек жолын 1926-1928 жж. «Еңбекші қазақ» газетінде пошта-газет тасушысы болып бастаған, кейін корректор болып жұмыс атқарды.

1932-1934жж. Қарсақбайдағы «Қызыл кеші », «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттерінде редактордың орынбасары, 1934-39жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1939-1943жж. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, 1945-1948жж Қазақ ССР ҒА Тіл және әдебиет институтында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1958-1960жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты редакторы, 1960-1984жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақ ССР ҒА әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, театр өнері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Әбділда Тәжібаев 1927 жылдан бастап жаза бастады. Ең алғаш өлеңдері 1927 жылы «Жұмысшы» газетінде, кейін 1933ж. «Жаңа ырғақ» атты жинақ болып шықты. «Оркестр», «Құтқару», «Екі жиған», «Абыл», «Шын жүректен», «Сүйген жүрек», «Таныс дауыстар» атты поэмалары мен өлеңдері жарық көрді.

«Аралдар», «Жаңа өрімдер», «Кешеден бүгінге», «Кәне қоңырау», «Жастық жылдар», «Құрдастар», «Толағай» және т.б. жыр жинақтары философиялық бағытта белгіленген.

Ә.Тәжібаев «Жүректілер» пьесалар жинағының, «Халқым туралы аңыз», «Жомарттық кілемі», «Жыр күмбез» атты драмалық дастандарының, «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш – орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен жігіт», «Монологтар» пьесаларының, «Дубай Шубаевич», «Той боларда» және т.б.комедияларының авторы. Қоғам мен адамның ара-қатынасын, адамның қоғамдағы орны мен еңбегі жайындағы тебіреністерін философиялық сырға толы туындылары жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталған.

Ә.Тәжібаев «Өмір және поэзия» монографиясында, «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты зерттеуінде қазақ драматургиясының күрделі мәселелерін жан-жақты қарастырды. «Жылдар, ойлар» атты еңбегінде Жамбыл, Нүрпейіс, Нартай, Иса ақындар мен М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Жұбанов т.б. Әдебиет пен өнер қайраткерлері жайлы естеліктерін жариялады. «Хаттар сөйлегенде», «Өмір мен ерлік» деген сын, эссе, прозалық кітаптарында әдебиет пен өнерге қатысты толымды пікірлер айтған.

Көптеген жылдар бойы Әбділда Тәжібаев поэзия, драматургия, әдебиеттану саласында жемісті еңбек етті. Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосты. Ол Жұмағали Саин, Қажым Жұмалиев,Таир Жароков секілді әдебиет қайраткерлерімен құрдас еді.

Ә.Тәжібаевтың шығармашылығы қазақ әдебиетін биікке көтерді. Жас ақынның алғашқы өлеңдерін оқыған М. Әуезов көркемдік ерекшеліктерін байқаған. Расында да, сол кездердің өзінде ақын шын көңілден өлең жырларын жаза отырып , қазақтың қалыптасқан дәстүрлі лирикалық өлең жолдарын қолдана білді.

Ә. Тәжібаевтің шығармашылығында Сырдария өзенінің бейнесі үлкен орын алады, кейіннен ол Рейн өзенін жырлаған Гейне, Днепрді жырлаған Шевченко сияқты ол өзенді символға айналдырады. қаһарлы соғыс жылдарында ақынның лирикасы жанрлық ерекшеліктерін тереңдете, молыға түседі. Соның бірі «Аралдар» атты жыр жинағы.

Ә.Тажібаев дастандарының тақырыптары сан алуан – революция, жаңа өмір құрылысы, халықтың өткен өмірі, көптеген адамдардың тағдыры , жаңа дәуір желісі. Заман талабына сай ағын бүгінгі таңдағы басты мәселелерден де алшақтақан жоқ.

Қай елді, қай жерді жырласа да, оның өткені мен бүгінгісі жайында, ақын реалистік қалыптан танбауымен бірге, нағыз қазақ ақынның қалпынан айнымай отырады.

Әбділда дәуірдің әрбір кезеңінен кесек-кесек көріністерін елестетіп, ірі ойлы топшылауларға құрылған философиялық сипаты бар поэма жасауға ұмтылуды. Оның «Портреттері» соның айғағы. Бұл шығармада ағын заман талабына сай адамдардың қиын тағдырлары, уақыт алдындағы жауапкершіліктері туралы мәлімдеген. Ә.Тәжібаевтің өлең-жырларының қайнар көзі – туған жер.

Драматургия Ә.Тәжібаев творчествосының екінші бір кең арналы, биік өрелі саласы болып отыр. Ә. Тәжібаевтің сценарийі бойынша (Н:Ф.Погодинмен бірге) «Жамбыл» атты көркем фильм түсірілген. Ақынның көптеген шығармалары шет мемлекеттер және де басқа халықтар тіліне аударылған. Орыс жазушылары А.С.Пушкиннің, Т.Г.Шевченконың, А.Н.Островскийдің, Г.Гейненің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

«Ленин» орденімен, Октябрь революциясы орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісімен» және медальдармен наградталған. 1985 жылы Ә.Тәжібаевқа «Қазақ ССР-нің халық  жазушысы » атағы берілген.

Қызылорда қаласында көрнекті жазушылар Ә.Тәжібаев, З.Шүкіров, К.Мұхамеджановтарға ескерткіш қойылған. Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына 1999 жылы Ә.Тәжібаев есімі берілді.
03 желтоксан 2014 ж. 13:14
58 қарау
Пікір
1
sange 1 қыркүйек 2023 09:23
Великий писатель, заслуживающий похвалы:kopier klokker
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x