Абонементтік қамтамасыз ету секторы

Абонементтік қамтамасыз ету секторы  пайдаланушыларға белгілі бір уақытқа басылымдарды беруді қамтамасыз ететін кітапхананың функционалды бөлімі.

Жыл сайын бөлім 5000-нан астам оқырмандарға қызмет көрсетеді.   Абонементтің  оқырмандарың  жасына және әлеумеетік құрамына  бөлеміз: ғылыми және мемлекеттік қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, жұмысшылар, зейнеткерлер, жұмыссыздар, студенттер, оқушылар.
Абонементтік қамтамасыз ету секторының кітапханашылары оқырмандармен жұмыс жасауға көп көңіл бөледі. Олармен жеке сұхбат жүргізеді, кеңес береді, библиографиялық анықтамаларды орындайды. Оқырмандар кітапханашының  кәсіби біліміне  сүйене отырып  кітап тандай алады және әмбебап  мазмұнымен бай кітап қорларын: әлеуметтік- саяси, ғылыми жаратылыстану әдебиеттерін   қолдануға мүмкіндігі бар.

Кітапхана  пайдаланушыларына  Қазақстан, ТМД, шетел жазушылардың шығармаларын ашық кітап қорынан  таңдауына өзінің іздеуіне жағдай жасалған.

Кітапханаға жиі келіп, кітап оқуға мүмкіндігі жоқ жұмыс ететін оқырмандарға  стационардан тыс қызмет көрсетеді. Кітапханашылар облыстық  ауыл шаруашылығы басқармасы, «Арал- Сырдария» экологиялық департаменті, Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы қызметкерлерінің  сұраныстарын қанағаттандырады.
Сектордың әрбір қызметкері кітапханаға оқырмандарды тарту мен кітап оқуға деген құлшынысын арттырып қана қоймай, 2002 жылы бөлімде құрылған «Кездесу» клубының мүшесі болып табылатын зерделі, ойшыл оқырманнан қол үзбей өз жұмысына ден қоюда.

«Кездесу» клубының аясында жалынды да жігерлі өткізілген барлық іс-шаралар, жүрек пен ақылды нәрлендіріп, рух пен шабыт берерліктей дәрежеде әсерлі болады. Мұндай кездесулер қатысушылырдың есінде ұзақ уақытқа сақталады.

Кітап оқуды көпшілікке насихаттау үшін жастар арасында тәрбие білім беру негізінде әдеби ойындар, конференциялар, жазушылармен кездесу кештері мен флэш-мобтар, шоулар өткізледі. Аталмыш іс-шаралардың өткізілуі жастардың бойында адамгершілік қабілетті қалыптастырып дамытады. 

Сектор меңгерушісі: Көшербаева Айгүл Айдашқызы
Байланыс телефоны: (87242) 30-69-60

13 қаңтар 2015 ж. 16:29
1 қарау