DataLife Engine > Клубтар мен бірлестіктер > "Дидар" ақпараттық клубы

"Дидар" ақпараттық клубы


14-02-2017, 09:58
Автор: akbota

Клуб мақсаты:

«Дидар» ақпараттық клубының алға қойған мақсаты - мерзімді басылымдар секторының тұрақты аға буын оқырмандары мен жастар арасындағы ақпарат алмасу, басылымдардағы тың мақалаларды сөз талқыға салу, ақпарат көздеріне жедел талдау жасау,жоспарға сай бірлесе кештер өткізу.
Жастардың мерзімді басылымдарды оқуға деген қызығушылығын арттыру. Білімге құштарлығын қалыптастыру, ой-өрісін жан-жақты кеңейту.
Қазақстан Республикасы азаматының белсенді өмірлік ұстанымын жаңаша қалыптастыру. Көпшілік алдында сөйлеу мен тілдесу дағдысын қалыптастыру.
Тұлғаның өздігінен білім алу және шығармашылық қабілетін қалыптастыруды насихаттау. Клуб ғылыми-көпшілік бағытында жұмыс істейді.

Клубтың міндеттері:

–Адам болмысындағы қасиеттерді ашу, жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру , қайырымдылыққа, махаббатқа баулу. Отандық және шетелдік әдеби шығармалармен, мерзімдік басылымдардағы өзекті мақалалармен танысу, дарынды адамдармен кездесу;
- білім бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы жас буынға рухани және зияткерлік тәжірибелері тұрғысында ақыл-кеңес беру, әртүрлі ақпараттық-ағарту жұмыстарын, кештер, іскерлік ойындар, тренингтер және т.б ұйымдастыру.
-Мерзімді басылымдарды жарнамалау
-Клуб жанына белсенділерді біріктіру
-Кітап құмарлардың бос уақытын ұйымдастыру
-Клубқа жаңа оқырмандарды тарту
-Кітапхана жүргізетін іс-шараларға белсене қатысу


Жалпы ережелері

«Дидар» ақпараттық клубы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында құрылды, отырыстары да осы мекемеде өткізіледі.
«Дидар» ақпараттық клубықызығушылық бойынша ерікті құрылған қоғамдық бірлестік болып табылады.
Клуб кітапқұмар, ғылымға қызығып, шығармашылықпен айналысатын адамдарды біріктіреді.
Клуб егде жастағылар мен жастар аудиториясына бағытталған.


Клубтың ресми құжаттары
-Жұмыс жоспары
-Клуб жұмысының күнделігі (мұнда әрбір отырыс жайында мағлұмат, сөйлеушілердің тақырыптары мен тектері, сондай-ақ клубтың өткізілуімен болатын өзге де мерекелік шаралар хроникалық түрде қадағаланады.)


Клуб жұмысын ұйымдастыру

Клуб жұмысы. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жылдық жоспарындағы өзгерістерге сәйкес алдын ала құрылып, бекітілген.
Клубтың жалпы жұмысы 4-5 отырысқа негізделіп жасалады, көлемді іс-шаралар – бір жылға құрылады.
Клуб отырыстары қаңтардан -желтоқсанға дейінгі аралықта өтеді.


Клуб жұмысының ұстанымы
1. Өзара сыйластық.
2. Пікірлердің алуан түрлілігі
3. Белсенділік.
4. Ашық мінез.
5. Өзін-өзі жетілдіру.


Клуб жұмысының түрлері

Баяндамаларды тыңдап, пікірталас жүргізу. Алдын ала ұсынылған тақырып бойынша ақпараттық сәттер өткізу.
Баспа басылымдардағы ақпараттарды бірлесе қарап, талқылау.
Клуб мүшелерінің шығармашылық жетілуі (театрландырылған қойылым, әдеби оқулар және т.б.)


Клуб мүшелігіне қабылдау тәртібі

Жаңашыл көзқарастағы талантты, зияткерлік қабілеті жоғары, талғамы биік жастар мен орта жастағыларды мүшелікке қабылдау.

Отырысқа жаңадан келген әр адам клубтың тұрақты мүшесі болып қалыптасады.

Клуб қызметі мен жарғысына қызығушылық танытушы тұлға клубқа бірден қабылданады.

 

«Дидар»  клубының  2018 жылғы  жоспары

 

Ақпараттық сағат

«1001 дауа» («Денсаулық», «Отбасы және денсаулық», «Здоровье» журналдары бойынша)

 

І тоқсан

Ақпан

Мерзімді басылымдар секторы

Кездесу кеші

«Дәстүр: кеше, бүгін, ертең»

(«Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаевпен)

ІІ тоқсан

Сәуір

Мерзімді басылымдар секторы

Кездесу кеші

«Жақсылар із салған киелі орда»

 

мамыр

Мерзімді басылымдар секторы

\Интеллектуалды сайыс

«Сөз өнері - қазына»

Желтоқсан

Мерзімді басылымдар секторы


«Дидар» клубының 2017 жылға арналған жұмыс жоспары


Іс-шараның түрі

Іс-шара тақырыбы

Мерзімі

Дөңгелек үстел

«Алаш идеясы – ұлттық идея»

І тоқсан

Сұхбат

«Баспасөз – өмір айнасы»

ІІ тоқсан


Кездесу кеші

«Жанға жайлы жүздесу»

IІI тоқсан


Дөңгелек үстел

«Сөз – дария, сөз – ғұмыр, сөз - қасиет»

ІҮ тоқсан

 

«Табысты адамдар – табысты ел»

«Дидар» ақпараттық клубының отырысы

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 29 қыркүйек күні «Дидар» ақпараттық клубының кезекті отырысы өткізілді.

   Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында «Табысты адамдар – табысты ел» тақырыбында өткен шарада бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық код, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы және «100 жаңа есім» жобасы талқыланды.

Шараға өңіріміздегі «Сыр бойы»,«Ақмешіт апталығы»,«Халық», «Ақмешіт жастары» газеттерінің тілшілері мен «Болашақ» университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» факультетінің студенттері қатысты.

Шара соңында ұлт көшбасшысының бұл бағдарламасы жастарға біраз қанат бітіргенінің куәсі болдық.




 

 

 



 


 


 




 

 


Вернуться назад