АХМЕТОВ ӘБДІКӘРІМ

             1924 жылы 15 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Көктөбе деген ауылында туған.  Орта мектептен кейін Жосалы темір жол зауытында темір ұстасының балғашысы, аудандық қаржы бөлімінде  есепшікассир болып қызмет істейді. Лепсі педагогикалық училищесін бітірген. Алматыдағы Жоғары партия  мектебінде оқыған. Ұзақ жылдар (1943–1950) әскер қатарында қызмет еткен ол, әуелі қатардағы жауынгер, кіші  командир болды. 1946 жылы Харьковтың әскери медициналық училищесін бітірген соң, Германиядағы кеңестік  қарулы күштер сапында, шекара округінде офицерлік қызмет атқарады. 
        1951-1956 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер, «Социалистік Қазақстан»  (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде жауапты хатшының орынбасары, Қазақ мемлекет көркем әдебиет  баспасында редактор, 1959-1963 ж. Қазақстан Жазушылар одағының Семей облысаралық бөлімшесінде хатшы,  1963-1966 жж. Қазақстан телевизиясында, Қазақстан Жазушылар одағында, 1966-1971 жж. ҚР Баспасөз  жөніндегі мемлекеттік комитетінде, 1971-1982 жж. «Жазушы» баспасында қызметтер атқарған.  
        Алғашқы жинағы «Өлеңдер» деген атпен 1953 ж. жарық көрген. Ә.Ахметовтың философиялық терең ойға, нәзік сезімдерге толы «Халықбек» (1954), «Екінші дәптер» (1955), «Нан туралы сөз» (1955), «Өшпеген жалын» (1959), «Толқындағы өмір» (1962), «Ашық аспан» (1971), «Жапырақ жауған шақ» (1979), «Кеш жарық» (1981), «Көзайым» (1982), «Зейнет» (1984), т.б. өлеңдері мен поэмалары баспадан шыққан. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылған. 
        А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, А.Т.Твардовский, С.Я.Маршак, Э.Межелайтис, Г.Зелинский, В.Федоров, Л.Украинка, т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне   аударған.  1973 жылы   қарақалпақ әдебиетінің    классигі   Бердақ   ақынның   таңдамалы   толғаулары   мен   дастанын  қысқаша  жырлап,   жеке кітап етіп шығарды.
        Бірнеше жауынгерлік әскери медальдармен марапатталған, «Баспа озаты» деген құрметті атақ берілген. 1983 жылы 14 желтоқсанда Алматы қаласында қайтыс болды.
 

Əдебиеттер:

 

   Ахметов Ə.Ашық аспанӨлеңдерертегілерпоэмалар. – АлматыЖазушы, 1971. – 199 б.

  Ахметов Ə. Екінші дəптер: Өлеңдер. – Алматы: Казмемкөркемəдеббас, 1955. – 72 б.Ахметов Ə. Жапырақ жауған шақ: Өлеңдер. – Алматы:Жазушы, 1979. – 183 б.

   Ахметов Ə. Жерұйық:Жаңа жырлар. – Алматы: Жазушы, 1973. – 87 б.

   Ахметов Ə.Зейнет: Шағын поэмалар, ертегі-аңыздар,өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1984. – 328 б.

  Ахметов Ə. Кеш жарық:Өлеңдер мен дастандар. – Алматы: Жазушы, 1981. – 144 б.Ахметов Ə. Көзайым: Поэмалар, өлеңдер. – Алматы. Жазушы, 1982. – 384 б.

   Ахметов Ə. Маржандария:Өлеңдер. – Алматы:Жазушы, 1976. – 88 б. Ахметов Ə.Өлеңдер. – Алматы: Қазмемкөркемəдеббас, 1953. – 83 б.

   Ахметов Ə. Өшпеген жалын: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Қазмемкөркемəдеббас, 1959. – 123 б.

   Ахметов Ə. Салқын самал:Өлеңдер. – Алматы. Жазушы, 1966. – 87 б.

   Ахметов Ə. Шарайна: Өлеңдер мен толғаулар. – Алматы: Санат, 2005. – 128 б. – (Ұлы Отан соғысы жеңісіне 60 жыл)

   Ахметов Ə. Шығармалары: Екі томдық / Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы. – Астана: Фолиант, 2009. – (Сырдария кітапханасы)

***

   Ахметов Əбдікəрім //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 59 б.

   Ахметов Əбдікəрім //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 41 б.

   Ахметов Əбдікəрім //Қазақстан жазушылары :XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 35б.

   Ахметов Əбдікəрім //Советтік Қазақстан жазушылары:  био-библиографиялық  анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 44 - 45 б.

   Ахметов Əбдікəрім //Сыр елі. Қызылорда облысы: Əнциклопедия /Бас ред. Б.Ғ.Аяған.–Алматы: Қазақ энциклопедиясы,2005.–123 б.

   Ахметов Əбдікəрім//Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері. – Алматы,2009. – 22 б.

   Əбдірашев Ж.Басын сырдан алатын бұл бір бұлақ: Ақын Əбдікəрім Ахметовтың туғанына 50жыл //Ленин жолы. – 1974. – 26 июль

   Əлменов Б.Жақсы өлең – жан азығы: Ақын Ə.Ахметовтың «Салқын самал» атты жинағы туралы //Ленин жолы. – 1966. – 30 август

   Жəмішев Ə.Жас ақынның тұңғыш жинағы: Ақын Əбдікəрім Ахметовтың өлеңдер жинағына сын //Ленин жолы. – 1953. – 13 сент.

   Көктөбеден көкке самғап ұшқан жыр: Ақын Ə.Ахметовтің туғанына 80 жыл //Сыр бойы. – 2004. – 14 қазан

   Қанатбаев Д.Ақжарма ақын хақында: Ақын Ə.Ахметовтің өлеңдері жайлы //Қазақ əдебиеті. – 1994. – 24 маусым. – 14 б.

   Қожабергенов Ж. Кемел ақын: Ақын Əбдікəрім Ахметов 50жаста //Ленин жолы. – 1974. – 17 июнь

   Қоңыр, А. Қармақшыдан шыққан қыран ақын / А. Қоңыр // Айқын. – 2014.- 24 қыркүйек (№ 171).- 5 б.
   Әдебиетшілер үйінде ақын Ә.Ахметовті еске алу кеші болды.

    Райымбаева С.  Ақиық ақын, қарымды қаламгер / С. Райымбаева //Қармақшы таңы.- 2014. - 1 қазан (№ 75). - 1 б.                               Әбдікәрім Ахметовтің 90 жылдық мерейтойы.                                      

        Тебегенов Т.  Асқақ рухты ақынның ұмытылмас мұрасы / Т. Тебегенов //Қазақ әдебиеті.- 2014. - 19-25 қыркүйек (№ 37). - 11 б.     Ақын Әбдікәрім Ахметов туралы.                                                  

Тебегенов Т.  Асқақ рухты ақынның ұмытылмас мұрасы / Т. Тебегенов //Қармақшы  таңы.- 2014. - 20 қыркүйек (№ 72). - 3 б.         Ақын Әбдікәрім Ахметов туралы.                                                  



20 сәуір 2015 ж. 15:09
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: