БИБАСАРҰЛЫ АЙДАРХАН

     1937 жылы 17 қазанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы қазіргі Қожамберді ауылында туған. Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

   Еңбек жолын ауылда колхозшы болудан бастаған. Сол кезде аудандық, облыстық баспасөздерге колхозшылардың тұрмыстіршілігі жайлы хабарлар, суреттемелер, қысқа очерктер жазған. 1959 жылы Жаңақорған аудандық «Екпінді» газетінде корректор, радиохабар таратушы, Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінде корректор, бөлім меңгеруші, жауапты хатшы, 1985–1998 жылдары «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторы болып қызмет істеген. Бірнеше рет аудандық Кеңестің депутаты, аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланған.

     Сыр бойы сүлейлерінің бірі – Шәймен ақынның өлеңдерін жинап, құрастырып, алғысөзін жазып «Өмірдәурен» деген атпен кітапша етіп шығарған. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Төменарық аймағында өмір сүрген Қалкөз, Серқұл, Әбділда болыстардың, басқа да билердің халыққа қамқорлығы жайлы сыр шертетін «Бәйтеректің қос бұтағы», «Төменарық» совхозының «Еңбек Қызыл Ту» орденді шопаны Тұрлыбек Құлыбаев жайлы «Дала перзенттері», Арқа мен Сыр бойындағы бір қауым елдің қазан төңкерісінен көрген қасіреттерін бейнелейтін «Жылдың соңғы кешінде», «Өнегелі ғұмыр», «Өмір дәурен» атты кітаптары жарияланған.

     Қызылорда облыстық Кеңесі атқару комитетінің Құрмет грамотасымен (1987), Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасымен (1988) марапатталған. «Еңбек ардагері» медалінің иегері және облыс әкімінің 2008 жылғы стипендиянты.
 

Əдебиеттер:


  Бибасарұлы Айдархан //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 103 б

  Сопыбеков А. Айдархан Бибасарұлы //Сопыбеков А. Жаңақорған: Тарихнама. – Шымкент: Кітап, 2008. – 444 б.

  Ертасов Қ. "Бес ана-бес тағдыр": Жазушы-журналист Айдархан Бибасарұлының кітабы жайлы / Қ. Ертасов //Жаңақорған тынысы.- 2012. - 30 маусым. - 3 б.

  Сарбалаұлы Б. Алаштың Айдарханы: Жазушы Айдархан Бибасарұлы жайлы /Б.Сарбалаұлы //Қазақ елі.- 2012. - 22 қараша. - 5 - 8 б.


20 сәуір 2015 ж. 18:01
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: