ШАЛАБАЕВ МҰРАТ Мұрат Шалабаев 1896 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында
туған. 1939 жылдан 1957 жылға дейін Амангелді атындағы колхозда шопан, аға
шопан, қой фермасының меңгерушісі, ал 1957 жылдан кейін «Приаральск» совхозында
шопан болды. Қарапайым еңбеккер малға жем-шөп дайындауды, суаттарды
реттеуді, қора-қопсыны дер кезінде жөндеуді бір сәт естен шығармады. 1948 жылы
ол отарындағы 407 қазақы тұқымды саулықтан 530 қозы алып, айрықша зор табысқа
жетті. Сол жылы алынған қозыларды әр жүз саулыққа шаққанда 130-дан айналдырды.
Отардағы әр қозы енесінен ажыратылғанда 42 килограмнан салмақ тартты. Бұл –
үлкен жетістік еді. СССР Жоғары Советі Президумының 1949 жылғы 31 қазандағы
Жарлығымен М.Шалабаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
|
Гости8
Роботы19
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 5 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ