Әбдінабиева Ғазиза

     Ғазиза Әбдінабиева – Сырдария ауданы, Тартоғай совхозында туған. Театр және кино актері. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының театр факультетін бітірген. 1969-1993 жылдар аралығында Жастар мен балалар театрында қызмет етіп, сахнада Ш.Аймановтың «Арманым-Әселімінде», Әсел, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Бәтес, В.Шекспирдің «Гамлетінде» Гертруда рольдерін ойнаған. 1993 жылдан М.Әуезов атындағы мемлекеттік Академиялық драма театрында қызмет етуде. Бұл театр сахнасында сомдаған бейнелері – Теңге, Аркадин, Анна Андреевна, Таңқа бике, Сүт анасы, Айша апай, Жихан, т.б.

   Киноэкранда «Нан» телесериалында Жәмилә, «Тоғысқан тағдырларда» Роза, «Шегірткеде» Марго, С.Нарымбетовтың «Қыз жылаған» фильмінде Әсия, Д.Жолжаксыновтың «Біржан сал» фильмінде Бүрме әже рольдерін орындады. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері.

01 маусым 2015 ж. 09:25
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: