Отан – сенің ата-анаң

     Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығы бойынша қыркүйек айының 2-ші жексенбісі «Отбасы күні»болып бекітілген.

    Балаларды кітап оқуға тартуға үлкен әсер ететін ең маңызды әрі басты институт – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты

     9 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі «Отан – сенің ата-анаң» атты сурет көрмесін ұйымдастырды.

   Мақсаты: Оқырмандарды елін, жерін құрметтеуге үйрету, Отанын, тарихын терең білу білімдерін арттыру мақсатында қосымша әдебиеттермен таныстыру, интеллектуалды шығармашылық қабілеттерін дамыту.

    Аталмыш сурет көрмесіне №12 І.Қабылов атындағы орта мектеп және №264 мектеп-лицей оқушылары, «Рауан» интеллектуалды клубының белсенді мүшелері қатысып өз жұмыстарын ұсынды. Сурет көрмесін кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары, балабақша бүлдіршіндері тамашалады. Мектеп оқушылары алғыс хаттармен марапатталды. Соңында оқушылар «Отбасы – Отан тірегі» атты кітап көрмесімен танысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


09 қыркүйек 2016 ж. 15:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: