«Бейбіт өмір сыйлаған Ұлы жеңіс!»

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханаcында Ұлы жеңістің 70 жылдығына «Бейбіт өмір сыйлаған Ұлы жеңіс!» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. Оның мақсаты- соғыс қаһармандарының ерлік істерін насихаттау, ардагерлермен жүздесіп, оларға құрмет көрсету, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, батыл да батыр болуға үйрету, бейбіт өмірдің қадірін ұқтырту.
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия хабарламастан шабуыл жасады. Соғысқа 35 миллионнан астам адам қатысып,соның 20 миллионнан астамы қаза тапты. Қазақстанның 1 миллион 200 мыңға жуық ұлы мен қызы Кеңес Армиясы құрамында шайқасты. 28-ші Панфиловшылар гвардиясы Мәскеу түбінде дүние жүзін таңқалдырған ерлік жасады. Мөлдір аспанды бұлт қаптаған зұлым соғыста Сыр елінің де лайықты үлесі бар, онда қызылордалық 21 азамат Кеңестер Одағының батыры атанды. 20 мыңнан астам жерлестеріміз ордендер мен медальдарға ие болды.
   Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға арнайы шақырылған  соғыс ардагерлері Дәнеш Оразов, Бөрібай Құлманов, Сәрсенбай Бақтыбаевтар ел басына күн туған отты жылдарды еске түсіріп, қаһармандық көрсеткен майдандас ержүрек жауынгерлер туралы әңгімеледі. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары К.Ермағанбетова Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтап, ескерткіш сыйлықтар тапсырды. 
    Іс-шараны өткізуге белсенді атсалысқан М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенттері Қ.Сатыбалдиева, Х. Мұхаммед, М.Шамша, М.Батырхан, Т.Жаңалық, А.Изкеновалар «Катюша», «Огонек» «Мәншүк туралы ән», «День победы» әндерін орындады. Осы колледж студенттері сахналаған «Батыр қыз - Мәншүк» қойылымы көрермендер көңілінен шықты. Көпсалалы «Қызылорда Ұлағат» колледжінің студенттері А.Сағынаева, «Өркениет» медицина колледжінің студенттері Н.Сунақ, С.Нұрбақыт, кітапханашы Ж.Сәрсеновалар соғыс тақырыбына жазылған өлеңдерді нақышына келтіре оқыды.
Кеш тақырыбына орай «Отты жылдар шежіресі» атты кітап көрмесі жасалып, оған соғыс тарихынан сыр шертетін кітаптар мен фотоальбомдар, газет-журнал материалдары мен суреттер қойылды. 
    Іс-шараны облыстық кітапхана директоры Н.Мырзамұратова қортындылады.

 

    

16 сәуір 2015 ж. 12:21
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: