«Оқы, талқыла, ұсын...»- кітап марафоны

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі жыл кітабы – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын насихатауға арналған «Оқы, талқыла, ұсын...» атты кітап марафонын наурыз айынан бастады. Кітап марафоны №10 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің, №136 Т.Жүргенов атындағы орта мектептің 7-9 сынып оқушыларымен өткізілді.

8 мамыр күні №187 М. Шоқай атындағы орта мектепте жалғасын тапты. Шараға 9 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты:Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, трилогияның мазмұнымен, кейіпкерлерімен таныстыру, XV-XIX ғасырлардағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру, өз пікірлерін қағаз бетіне түсіріп еркін жеткізе алуға дағдыландыру, тарихи көркем шығармалардағы ұлттық рухты негіздеп ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке, еліне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Шарада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде, яғни 2015 жылы бүкіл ел болып оқуға Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, қазақ совет қаламгерлерінің ішінде алғашқылардың бірі болып тарихи романдар жазып, әлемге танымал болған жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалғаны, бұл таңдау классик жазушы, ғажайып сөз зергері Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО аясында дүниежүзілік дәрежеде аталып өтуімен және жоғарыда аталған тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келіп отырғаны айтылды. Оқушылар Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат алып, трилогияның мазмұнымен, кейіпкерлерімен таныстырылды.«Біздің тарих – бірлік пен тұтастық тарихы» атты фото-көрме ұйымдастырылды.


 



08 мамыр 2015 ж. 10:38
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: