«Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік»

    2015 жылдың 23 маусым  сағат 10.00- де «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда облысы бойынша филиалының ғимаратында  Қазақ  хандығының 550 жылдық  мерейтойын  өткізу  жұмыс жоспарының  2 - тармағына сәйкес,  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық  әмбебап ғылыми  кітапханасы    көпшілік  назарына  төрт  бөлімнен  тұратын  «Қазақ елі: Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік» атты экспозициялық - кітап көрмесін ұйымдастырды.
   Халыққа қызмет көрсету орталығы бүгінгі күні тұтынушылардың көп жиналатын орнына айналған. Мәдени шараға қатысушы мекеме қызметкерлері мен көпшілік жиналған халық Қазақ хандығының төрт ғасырлық шежіресінің елеулі кезеңдерінен  сыр шертетін әдебиеттермен,  тарихи құндылығы зор шығармалармен танысты. Көрмеге  библиографиялық шолу жасау  барысында Елбасының бастауымен үлкен ұлттық идеяға айналып отырған «Мәңгілік Ел» концепциясының философиялық - құқықтық, тарихи аспектілерін  кітапханашы терең талдап берді. Көпшілік арасынан тарихи әдебиеттерге деген қызығушылықтың басым екендігі байқалды.

 

23 маусым 2015 ж. 16:17
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: