«Ертегілерде қонақта» -беби-шоу

      Кітапқа және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту баланың сәби шағында  орын алғаны дұрыс. Кітаптың баланың өмірінде сәби шағында пайда болуы өте маңызды. Кітап - олардың сөз өнерін тануға, баланы оқу барысы дайындауға көмектеседі,  ой өрісі  мен көзқарасын кеңейтеді, кітап оқудан жан рахатын алуға көмектеседі.
    Осы мақсатта 29 қазан күні  балалар әдебиеті бөлімі «Ертегілер елінде қонақта» атты беби-шоу өткізілді. Шараның белсенді қатысушылары  «Ералаш», «Сәулет-Нұрайы» балабақшаларының бүлдіршіндері, №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің және №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің 0- 1 сынып  оқушылары  болды. Шоу жүргізушілері №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің жоғарғы сынып оқушылары:  Кітап ханшайымы, Ертегі, Винний пух, Пяточок, Жылан-Горыныч, Қар Ханшайымы, Кикимора, Бармалей бүлдіршіндермен  бірге ертегіден ертегіге саяхат жасады.  Балғындар сүйікті ертегілері  «Үйшік», «Шалқан», «Саңырауқұлақтың астында», «Түлкі мен қасқыр» атты қойылымдар көрсетіп, ертегілер бойынша қойылған фильмдерден сүйікті әндерін орындап, би биледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 


 

 

 


 

 

 

 

29 қазан 2015 ж. 15:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: