Қазақстанның Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылығына арналған кеш

      24 желтоқсан күні сағат 15.00-де көрнекті қоғам қайраткері, драматург, аудармашы, Қазақстанның Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылығына арналған кеш өтті.

   Кешке жергілікті ақын-жазушыларымыз: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ә.Рақымбеков, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Қатира Жәленова, «Әлімсақ» журналының редакторы, филология ғылымының кандидаты Н.Көбегенұлы, байырғы журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Ө.Жаппархан, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қ.Мырзахметов, экономика ғылымының кандидаты, ҚМУ профессоры Қ.Құдайбергенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Уәйіс Ержан, еңбек ардагері С.Аңсат, Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі Әмір Темір Құсейін, Қорқыт ата атындағы ҚМУ қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты Ұ.Жаңбыршиева, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия мұғалімдері мен оқушылары және студенттер, жергілікті баспасөз өкілдері қатысты.

    Кешке қатысушы қонақтар мен оқырмандар Қ.Мұхамеджанов туралы бейнесюжетті тамашап, Қалтай ағамыздың сөзін тыңдап ерекше әсер алды.

  Қ.Мұхамеджановтың құнды шығармалары жайында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұ.Жаңбыршиева сөз сөйледі. Белгілі қаламгерлер, ақындар, Қ.Мұхамеджановтың шығармаларын зерттеп, зерделеп жүрген Құдайбергенов Қазыбай ағай естеліктер айтты.

    Кеш барысында Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы мұғалімдерінің орындауында «Құдағи келіпті» пьесасынан көрініс, ҚМУ студенттерінің орындауында «Қалтайдың қалжыңдары» қойылып, арнау өлеңдер оқылды.

«Қазақ драматургиясының қаһарманы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Қ.Мұхамеджановтың шығармалар жинағы, пьесалары, шығыс классикасының « Мың бір түн» ертегілері, аудармалары және Қ.Мұхамеджанов туралы туындылар қойылған.

    Шараға қатысушы қонақтар Қ.Мұхамеджановтың жеке кітапханасы залында жазушының өзі пайдаланған, өзі тұтынған дүниелерімен, қолжазбаларымен, құнды кітаптар қорымен танысты және белгілі қоғам қайраткерлерінің қолтаңбасы жазылған, сыйға тартылған кітаптарын көріп, фото-суреттерін тамашалады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

24 желтоксан 2015 ж. 09:21
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: