«Тәуелсіз ел ұланымыз»- әдеби ертеңгілік

   24 ақпан күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз ел ұланымыз» атты арналған әдеби ертеңгілік өткізді.

Мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушыладың білімін кеңейту, ой-өрістерін дамыту, Қазақстан Республикасының өркендеуіне өз үлестерін қосатын ұрпақты тәрбиелеу.

    Оқушылар іс-шара барысында Тәуелсіз Қазақстан жайында білімдерін нығайтып, Қазақстан елі туралы біраз мағлұматтар алды. Оқырмандар өз өнерлерін жұртшылыққа паш етті.

    Аталмыш іс-шараға № 3 мектеп-лицейдің 5 «Г» сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар туған жер, Отан, Қазақстан, туған елімізге арналған қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқып, ән шырқады. Сонымен қатар шарада №140 орта мектептің «Ай-ару» би, №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің, №264 мектеп-лицейдің оқушылары және №50 «Жұлдыз» балабақшасының бүлдіршіндері өнерлерін көрсетті.

     Ертеңгілік соңында оқырмандар «Тәуелсіз Қазақстан» залына саяхат жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 


24 ақпан 2016 ж. 15:23
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: