Алаштың Ақмешіті

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ




 
    Қызылорда қаласы Сыр өңірінің тарихында үлкен орын алатын, Қазақстан жерінде белгілі қала болып табылады.
   1818 жылы Ақмешіт қамалын Қоқанның ханы Омар салдырыпты. Қамалды салдыртудағы Қоқан ханының мақсаты – Хиуадан, Бұхардан, Самарқаннан Ресейдегі Орынбор, Троицк және басқа қалаларға шығатын «Жібек жолы» бойымен жүретін керуендерді қорғау, Сырдария және «Жібек жолы» бойындағы тұрғындармен сауда-саттық ұйымдастыру, олардан уақытылы салық, зекет алу, жинау болатын. Бір жылдан кейін бұл қорғанды дарияның оң жағына шығарады.
     Қазіргі қала орнында, дария бойында азды-көпті ауылдар көшпенділер мекен-жайлары болатын. 
    Ақмешіт қамалы әдепкі кезде кішкентай ғана бір-екі жергілікті құм, балшықтан салынып, құрастырылған үйлерден
тұрыпты.
  1853 жылы маусым айында орыс әскерлері Ақмешіт қамалын қоқандықтардан тартып алды. Қамалды аларда орыс әскерлеріне көмектескен 2 мыңдай жаяу әскер, 4 мыңдай атты әскер, Орал қазақтары, башқұрлар жиырмадан астам зеңбіректер қатысқан.
Қазақ ішінен Әлкей және Мұхамеджан сұлтандар орыс әскерлеріне Ақмешіт қамалын қоқандықтардан босатуға көмектескен.
   1853 жылы 31 тамызда Ақмешіт қамалы Орынбор генерал-губернаторы Перовский атына беріліп, қала – форт Перовск болып атанды.
   1864 жылы көктемде орыс әскерлері қазақ даласының оңтүстігіне қарай жылжып, Түркістан, Шымкент, Әулие-ата, Ташкент қалаларына назарын тікті. Бұл қалалар біртіндеп Ресей патшалығына бағына бастады. 1867 жылдың тамыз айында Түркістан-генерал губернаторы құрылып, Сырдария қорғаныс линиясы терең тылда қалып Перовск уездік қала болып қалды.
Қала болып Перовск атына ие болу 1867 жылдан басталады. Қызылорда 1922 жылға дейін Перовск атымен аталса, Қазан төңкерісінен кейін, «Ақмешіт» атауын алды. 1925 жылы 19 сәуірдің жұлдызында бүкіл Қазақстан Советінің 5-ші съезінде Ақмешіт Қызылорда қаласы және Қазақстанның астанасы болып аталсын деп қаулы шығарды және Қазақстанның орталығы Орынбор қаласынан Қызылордаға көшірілді.
    Астананың Ақмешітке көшірілуі мәдени, экономикалық бағытқа даңғыл жол ашты. Бұрыңғы Түркістан, Сібір республикаларында ел басқарған азаматтардың шоғыры Ақмешітке жинақталған, зиялы қауым қалыптасты. Қазақтың қара шаңырағы – «Еңбекші қазақтың», жазушылары одағының іргесі қаланды. М.Әуезов атындағы театр шаңырақ көтеріліп, көп ұзамай өз сахнасында «Еңлік-Кебекті» қойды.
  Қызылорда бар-жоғы төрт жылдай Қазақстанның астанасы болды. Жаңа ғимараттар, оқу орындары бой көтерді. Мәдениет, әлеуметтік өмірде көп өзгеріс болды.
  1938 жылы облыс орталығына айналды. 20 ғасырдың 30 жылдары қалада электр станция, диірмен, наубайханалар, балық өңдеу, күріш, кірпіш зауыттары жұмыс істеп тұрды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары аяқ-киім фабрикасы, ет комбинаты, астық өнімдері комбинаты, сүт зауыты, целлюлоза-картон зауыты, тоқылмайтын маталар істеп тұрды.
  Кейінгі жылдары қаланың архитектуралық келбеті жаңарып, тарихи орындар қайта жаңғыртылды. Жаңа әуежай, Аквопарк, Сарқырама каналы, Жағажай, жаңа облыстық кітапхана ғимараты, жаңа мешіт, Астана мөлтек ауданы салынды. Саяси құғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш, Қорқыт Ата, Абылай хан, Амангелді Иманов, Мұхтар Әуезов, З.Шүкіров, Қ.Мұхамеджанов, Ә.Тәжібаев мүсіндері орнатылған. Қала келбеті өзгеріс құшағында. Жаңадан Жалаңтөс Баһадүр, Қобыланды батыр, Бұқарбай батыр, Сыр бойының батырлары, «Сыр ана», «Сазгер» ескерткіштері ашылды.
   Қызылорда қазір өрлеу үстінде. Мұнда мұнайдың мол қоры бар. Қалаға «көгілдір отын» келді. Егін, мал шаруашылығы өсуде, тұрғын үй құрылысы өрістеуде. Бүгінде өнеркәсіпті дамыту, сапалы да пайдалы өнім өндіріп, әлемдік рынокке шығу бағытындағы жұмыстар қолға алынуда. Табиғи байлықтары тұнып жатқан Сыр жерінің қойнауынан кеніштерді тауып, зерттеп, оларды халық игілігіне айналдыру жүргізілуде.



Әдебиеттер:


Айдосов А.Х., Қалиев Ы., Кереев М.Қ. Қызылорда. – Қызылорда:Тұмар, 2005. – 296б.

Алаштың Ақмешіті: Қызылорда 70 жыл. Қызылорда 190 жыл. – Алматы: ARNA-b, 2009. – 172 б.

Досманбетов Б., Кереев М. Қызылорда: [ Қызылорда қаласының 180 жылдығына ] - Қызылорда: Нұр-сәулет, 1999. – 219 б.

Қазыналы Қызылорда.-Қызылорда: Тұмар, 2011.-240 б.

Қалиев Ы., Шілдебаев Е. Дария жағасындағы қала. – Алматы: Қазақстан, 1980. – 96 бет.

Қызылорда //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004. – Т.6. - 171б.

Мәми Т. Қызылорда астана болғанда: 1920-1930 жылдардағы ауызша, жазбаша деректер. – Қызылорда, 2006. – 96 б.

Сыр өңірі тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін / Құраст. Қ.Маханбетов. – Алматы: Атамұра, 1998. – 288 б.

Бөлебай А. Айдындағы аруыма. Алматы, Асаба баспасы, 2010-191 б.

Шайдарбек Әшмұлы. Сыр ғұламалары. -Шымкент,2002ж., ЖШС "Кітап" 279б.


 

* * *


Аманова К. Қызылорда - алғашқы Астана!: Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12, 18, 20 кітапханалардың ұйымдастыруымен "Қызылорда-алғашқы Астана" атты тарихи-танымдық кеш өткізілді / К.Аманова // Ақмешіт ақшамы.- 2013. – 13 ақпан. - 2 б.

Байегіз К. Тағылымы терең салтанатты той: Қызылорда - 195 жыл //Ақмешіт апталығы.- 2013. - 17 қазан (№42). - 1 б.

Бәкірұлы Ә. Ақмешіт қалай Астана атанды? // Егемен Қазақстан. – 2005. – 14 қазан; Ақмешіт ақшамы. – 2013. – 24 қазан (№43). – 3 б.

Бәкірұлы Әмірхан. Ақмешіт-Астананың тағдырын кім шешкен?//Әлімсақ.-2013. №12-4-5б.

Бекбан Ш. Қызылордалықтар қала күнін атап өтті: Қызылорда - 195 жыл //Табиғат тынысы.- 2013. - 15 қазан (№18). - 5 б.

Құлпырған Қызылорда: Биыл Қызылорда қаласына 195 жыл //Дала мен Қала.- 2013. - 12 қыркүйек (№37). - 2 б.

Қуанышева Н. Алаштың Ақмешіті //Ақмешіт апталығы. -2017.-18 ақпан (№13).-3б.

Омарқызы С. Сыр бойының бас қаласы - қазақтың тұңғыш Астанасы: Қызылорда - 195 / С. Омарқызы //Әлімсақ.- 2013. - №9. - 2 - 4 б.

Сайдулла А. Қала күні ерекше сән-салтанатымен атап өтіледі: Қызылорда - 195 жыл / А.Сайдулла // Халық.- 2013. - 10 қазан (№41). - 4 б.

Сәдібекұлы А. Қайырымды қаланың күтері көп: Қызылорда қаласы жайлы /А.Сәдібекұлы //Сыр бойы.- 2013. - 4 шілде. - 4 б.

Шәрібекқызы К. Қазақстан астаналары: 9 ақпан - Қызылорданың астана болған күніне орай / К.Шәрібекқызы //Әлімсақ.- 2013. - №1. - 4-5 б




 

Кітап оқу: Алаштың Ақмешіті
27 сәуір 2015 ж. 14:31
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: