«Қазақ халқының бұлбұлы» Әнші Р.Бағланованың туғанына 95 жыл

 Кітапхананың өнер бөлімінде Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, қазақ ән эстрадасының ең биік шыңына көтерілген күміскөмей әнші Роза Бағланованың туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ халқының бұлбұлы» атты музыкалық шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: қазақ музыкасын дәріптеу, жастарға халқымыздың мақтанышына айналған халық әншілерін насихаттау, олардың өнердегі жолын үлгі ету.

 Музыкалық қонақжайға болашақ музыка мамандары, музыкалық колледж студенттері, әншілер, кітапхана оқырмандары шақырылды.

 Шара барысында әншінің өмірінен тың деректер, сахна төріндегі жарқыраған жұлдызды сәттері жайында қызықты естеліктер айтылды.

 Роза Бағланованың репертуарындағы әндерді Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің студенттері орындады.

Әншінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ән-ғұмыр» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге Елбасы Н.Назарбаевтың, әнші Н.Нүсіпжановтың әнші жайлы айтылған қанатты сөздері, кітаптар мен суреттер, естеліктер қойылды.


 

 

 

 

 

 


 

17 ақпан 2017 ж. 10:14
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: