«Есірткісіз - болашаққа» Ток- шоу

   2017 жылдың 23 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Есірткісіз - болашаққа» атты ток- шоу өткізілді.

  Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, оқырмандарды зиянды әдеттерден аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу.

Шараға облыстық наркологиялық орталықтың дәрігер наркологы С.У. Кеулимжанов, «Өркениет» медициналық колледжінің валеология пәнінің оқытушысы Б.Б.Айткөпешев, облыстық «Сыр медицинасы» газетінің тілшісі Г.Асанова және Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжінің ЭКО- 26/9 тобының студенттері қатысты.

  Қонақтар көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға қызықты әрі нақты жауап беріп, шара соңында оқырмандарға наркологиялық орталықтан келген маман буклеттер мен парақшалар таратты.

  Оқырмандар назарына «Есірткіге жол жоқ!» атты кітап көрмесі ұсынылды.


 

 

 

 

 

 


 

24 ақпан 2017 ж. 09:37
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: