«Жұлдыздар отбасы» және Жұлдыздар отбасы.Аңыз адам» журналы Шолу

    2017 жылдың 28 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы әлеуметтік басылымдарды насихаттау бағытында қазақ жастарына және күллі оқырман қауым көзайымына айналған айына екі рет жарық көретін республикалық   «Жұлдыздар отбасы» және «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналына шолу ұйымдастырды.

Шараның мақсаты: Қазақстандық патриотизмді дамыту, Мәңгілік елдің ұрпақтарына маңызды, қажет ақпараттар ұсыну, жастардың бойына мерзімді басылымдарға деген қызығушылықты ояту, баспа беттеріндегі маңызды мағлұматтарды оқырмандарға насихаттау.

Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің БЖ-14/1, ТМО-15/2 тобының студенттері қатысты.

    Оқырмандарға «Жұлдыздар отбасы» журналының жаңадан келіп түскен санындағы жұлдыздар өміріндегі қызықты оқиғалармен таныстырылып, «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналындағы «Алаш қозғалысы» (Энциклопедиялық жинақ) айдарымен жарыққа шыққан санына шолу жасалды.

     Шараға қатысушылар қос бірдей журналдан тыңғылықты деректер алғандығын және мұндай шаралардың алдағы уақытта жиі өтіп тұруына сұраныс танытты.

 

 

 

 

 


 

28 ақпан 2017 ж. 17:58
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: