«Ана деп ән салам» (8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік кеш)6 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып жеткен 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай «Ана деп ән салам» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Мақсаты: Жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Осы аталмыш мерекеге орай, Көпсалалы «Ұлағат» Қызылорда, М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің өнерпаз студент жастары аналар мен аруларға арнап, ақын-жазушыларының туындыларынан үзінділер оқып, әсем әндер мен күйлер орындады. Көктемнің алғашқы мерекесі аруларға, аналарға ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады. Мерекелік кеш келген әрбір адамның жүрегіндегі анаға деген махаббаты мен құрметін арттырып, бір сәтке болса да аналарын қуанту үшін әлемнің асылын сыйлауға асықтырғаны анық. Кеш барысында осы мерекенің тарихынан бастау алып,бүгінгі күнгі әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі мен алатын орны жайлы әдебиеттерден «Әйел-ана, әйел – Әлем, әйел – Нұр!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
|