«Сырдың сыршыл бір ұлы» (Жазушы Ж. Қыдыровтың 80 жылдығына арналған кітап көрмесі)

     2017 жылдың 10 наурыз күні кітапханада ақын Жүсіп Қыдыровтың туғанына 80 жыл толуына орай «Сырдың сыршыл бір ұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің «Ғибратты ғұмыр-ұрпаққа ұлағат» атты бөлімінде ақының өмірбаяны, фотосуреттері, ақын туралы естеліктер мен сын-мақалалар қойылды. «Ақынның асыл мұрасы» атты екінші бөлімде ақынның жыр жинақтары қойылды. Атап айтсақ, алғашқы жыр жинағы «Тұнғыш кітап», «Жұлдыздарға жол», «Нұр жаусын саған», «Сәуір лебі», «Шынарым,шырайлым»,«Гүлхайыр»,«Жайсаң жаз», «Жібек жел», «Құмыр бұлбұл», «Мың бір күн» , «Салтанатты шеру»,т.б. кітаптары, сондай-ақ, әлем поэзиясының жұлдыздары А.В.Рудактың, Ш.М.Хафиздің, М.К.Шеллидің, А.А.Блоктың шығармаларын қазақ тілінде аударған аудармалары, мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар қойылды. Қазақтың батырлары мен ақындары, белгілі өнер адамдары туралы туындылары «Сырдария кітапханасының» сериясымен жарық көрген «Ақ боз атты ақын» атты кітабында топтастырылған.

    Көрмеге ақынның өмірі мен творчествосынан мол мағлұматтар беретін жалпы саны 65 кітап пен газет-журналдар, фотосуреттер қойылды.

 


10 наурыз 2017 ж. 18:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: