«Білімнің бір биігі үш тұғырлы тіл»Елбасымыздың «Үштұғырлы тіл» саясатын насихаттау барысында 16 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Білімнің бір биігі үш тұғырлы тіл» атты зияткерлік ойын- сайысын ұйымдастырды. Сайысқа №140 орта мектептің, №12 І. Қабылов атындағы орта мектептің оқушылары қатысты. Қатысушылар «Жасқыран», «Топжарған» атты екі топқа бөлініп «Таныстыру», «Полиглот», «Бәйге», «Эрудит», «Жұмбақтар жасыру», «Сұрақ-жауап» кезеңдерімен сайысты. Іс –шарада оқушылар өз білімдерінің жан-жақтылығын, ана тілімен қоса өзге тілдерді жетік меңгергендігін, ойлау қабілетін жеткізе білді. Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды.
|