«Кітапханадағы түн» акциясы ұйымдастырылды.

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Кітапханадағы түн» акциясы ұйымдастырылды.

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлтымыз үшін маңызы терең, ауқымы зор, өнегесі мол, халқымызға рухани азық болатын айтулы дүние. Қоғамның рухани жаңғыруына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс екенін айтты. Мұндай бағытты ұстану кешегі күн мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғастырады. Сондықтан біздің міндетіміз Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, мақалада көрсетілген жобаларға басты назар аудару болып табылады.

    Кітап – рухани құндылық, өмір айнасы, тарих шежіресі. Кітап пен оқуды халық арасында насихаттау мақсатында өткізілген қызықты да тағылымды іс-шараға келушілер «Сиқырлы қала» алаңындағы «Кітап мұхитының маржандары» атты көрмесімен танысып, «Ертегімен есейем» атты ертегі-шоуды тамашалады. Көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын «Кел, шырқайық!» караоке-шоуға қатысып, ән шырқады.

   «Әдеби шаңырақ» алаңында «Кешкі сырласу», «Ашық микрофон», «Әдеби кафе» ұйымдастырылды. Кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Көктем аруы» байқауы қызықты өтті.

   «Кітапхана арбаты» алаңында қолөнерге баулитын шеберлік сыныптары өткізілді. «Фотосуреттер галереясында» жастардың қолынан шыққан акварельді картиналар мен фотосуреттермен қойылды. «Әсемдік салонында» сән әлемінің түрлі қызметтері көрсетілді. Сондай-ақ жастар «Сән өнері» костюмдер дефилесін тамашалады. Би өнеріне икемі бар талантты жастар «Сиқырлы би әлемінде» ырғақты көңіл-күй сыйлайтын билерді, сондай-ақ ұлттық және заманауи билерді орындап, өз өнерлерін көрсетті.

«Biblio спорт» алаңында шахматтан әлем чемпионатының жеңімпазы Абдуали Самалмен бір мезгілді ойын сеансы өткізіліп, жастар белгілі шахматшымен ойнау құрметіне ие болды.

   Кітапхананың цокольды қабатында ең батыл қатысушылар үшін «Елестер лабиринтіндегі қызықтар» атты ойын-саяхат ұйымдастырылды. Олар кітапхананың жұмбақ қорымен танысты. Жолда түрлі кедергілерге кездесіп, ойындар ойнатылды. Сондай-ақ ашық аспан астында жастардың қатысуымен «Ымырттағы оқулар» ұйымдастырылды. Кітапханаға келушілер «Рахмет, саған кітапхана!» атты тақтаға жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жазып қалдырды. «Кітапханадағы түн» акциясы өз оқырмандарына қуаныш пен керемет көңіл-күй сыйлады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

21 сәуір 2017 ж. 22:11
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: