«Ұлттық рухтың қайнары» /7 мамыр – Отан қорғау күні/

   Оқушылардың бойында Отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, еліміздің Тәуелсіздігін қадірлей отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында 3 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жыл толуына орай, «Ұлттық рухтың қайнары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Аталмыш көрмеге қазақ елінің сонау әскери тарихынан бастау алатын К.Аманжолов пен А.Тасболатовтың – Алматы: «Білім» баспасынан 2008 жарық көрген «Қазақстанның әскери тарихы»,тарих ғылымының докторы, профессор, запастағы полковник М.Серкпаевтың «Мир печати» баспасынан шыққан «Основы военной истории» және еліміздің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жайындағы А.Тасболатовтың 2001 жылы «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Жоғарғы Бас Қолбасшы – әскери қауіпсіздік кепілі» атты еңбегі, еліміздің заманауи және кәсіби армия құруға бағытталған Б.Сақтағановтың 2012 жылы «Өлке» баспасынан шыққан «Әскери педагогика», жасұландардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметін шындауға арналған К.Аманжоловтың «Мектеп» баспасынан 2004 жылы шығарылған «Алғашқы әскери дайындық» және халық пен шекарашылардың өзара достығы, ыстық ықыласы мен береке-бірлігін айқын көрсетуге арналған Қ.Арыстанбаевтың 2009 жылы «Принт» баспасынан шығарылған туындысы және де т.б әдебиеттер мен журналдар, дәйек сөздер қойылды.

      Кітапханашы оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып, оның тарихы жайында баяндап берді.


 

 


05 мамыр 2017 ж. 09:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: