«Ұрпақ денсаулығы-ұлттың саулығы»

    12 мамыр 2017 жылы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Халықаралық отбасы күніне орай «Ұрпақ денсаулығы-ұлттың саулығы» атты лекция сабақ  ұйымдастырылды.

   Елбасының жолдауында Қазақстан халқына «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс»делінген. Салауатты өмір салтын ұстану әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызды, дұрыс тамақтануымызды, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызды қажет етеді. «Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі» деп бекер айтпаған.

   Осыған орай аталған шараға «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы А. Исамбекова, Жастар денсаулық орталығының валиологы Г..Масхожа, А,Ермаханова және Көпсалалы «Ұлағат», М.Ықсанов Қызылорда политехникалық колледж студенттері қатысты.

    Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Шараға шақырылған қонақтар салауатты өмір салтын қалыптастыру, халықты толық ақпараттандыру, жеке адам мен қоғамның өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру керектігін айтып, адам денсаулығына әсер ететін факторларына тоқталып, толық мағлұмат берді.

    Шара соңында тренинг жүргізіліп, «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы»атты кітап көрмесіне шолу жасалды.


 

 

 


 

12 мамыр 2017 ж. 17:49
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: