Әлшекейдей күйші өткен алашымда...

    16 мамыр күні облыстық кітапханада Сыр бойының тумасы, дүлдүл күйші Әлшекей Бектібайұлының туғанына 170 жыл толуына орай «Әлшекейдей күйші өткен алашымда...» атты кеш ұйымдастырылды.

    Шараның мақсаты – оқырмандарды, жалпы өнер сүйер көпшілік қауымды өзінің дарынымен қазақ халқының дәстүрлі күй өнеріне үлкен үлесін қосқан, оның құдіретін дүниеге танытқан күйші Әлшекей Бектібайұлының өмірімен таныстырып, күйлерін насихаттау, жастарды ұлттық өнер қазыналарымен таныстыру.

    1847 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген күйші, композитор Әлшекей Бектібайұлының 100-ге тарта күйі бар. Алайда оның барлығы сақталмаған. Бүгінде күйшінің "Тоқырау", "Нарсоққан", "Егес", "Терісқақпай", "Толқын", "Аққу кеткен", "Тепеңкөк", "Қара жорға", "Адасқан қаз", "Айрауықтың ащысы", "Айшамен 6 тартыс", "Төтемен тартыс", "Егілген", "Бәйге", "Тай қуу", "Отарба" сияқты күйлері көпшілікке кеңінен таныс.

     Шараға Әлшекей күйлерін насихаттаушы, Шиелі ауданының тұрғыны күйші Дүйсебеков Тынысбек, Әлшекей күйлерін зерттеуші, Қазақстан журналистер одағының мүшесі композитор Нұржанов Балтабай, қоғам қайраткері, ардагер журналист Өтеген Жаппархан, күйші Абылайхан Ысқақов, Әлшекейдің шөбересі Амангелді Молжанов, Қазанғап атындағы музыкалық колледж ұстазы Жарасов Науан, студент Аманбаева Ақнұр және тағы да басқа өнер сүюші қауым қатысты.

    Кеш барысында Әлшекейдің бірнеше күйлері орындалып, тыңдарманның ықыласына ие болды. Қалалық Ардагерлер Үйінің демалушылары шараға арнайы келіп қатысып, әр күйдің шығу тарихымен жақын танысты, орындаушыларға өздерін қызықтырып жүрген күй өнері туралы сұрақтар қойып, қызықты жауаптар алды. Көпшілік назарына күйшінің өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын «Күй – құдірет, күй – ғалам» атты кітап көрмесі ұсынылды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16 мамыр 2017 ж. 17:45
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: