Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан. Кітап көрмесі

   2017 жылдың 12 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Алашорда қозғалысына 100 жыл және 1930-1940 жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Көрмеге Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің тарихы туралы кітаптар, алаш интеллигенциясының өнегелі де ғибратты қоғамдық ойлары туралы құнды зерттеулер, саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған әдебиеттер, мерзімді басылымдар қойылды.

  Көрменің бірінші бөліміне Алаш қозғалысының тарихын баяндайтын «Қазақстан тарихы», «Қазақ көтерілістері», М.Қозыбаевтың зерттеулері, Н.Назарбаев «Тарих толқынында», «Алаш мұрасы» т.б.әдебиеттер қойылған.

   Кітап көрмесінің екінші бөліміне Алаш партиясының қатарында болған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М.Тынышбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж.Арыстанұлы т.б. ұлт зиялыларының шығармалары қойылды.

   Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда ҚР Президентінің жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Биыл саяси репресия құрбандарына - 80 жыл. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз. Бұрынғы ГУЛАГ, КАРЛАГ, АЛЖИР лагерлерінің орындарында қазірде мемориалдық кешендер жұмыс істеуде.

     Көрмеге кітапхана қорындағы жаппай жазалаудың сол бір қиын-қыстау жылдарындағы зерттеулерде тағдыры тәлкекке түскендер туралы «Азалы кітап», «Қасіретті тағдыр беттері», М.Қозыбаев «Ақтаңдақтар ақиқаты», Х.Болғанбайдың «Иман күші» т.б әдебиеттер ұсынылған.

    Алаш партиясының алдына қойған негізгі мақсаты - дербес, тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру, қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін дамыту, Қазақ елін әлемдегі өркениетті елдердің қатарына қосу болды. Сол мақсаттың жүзеге асқанын көру бақыты бүгінгі ұрпақтың маңдайына жазылыпты. Мемлекет басшысының игі істері мен Алаш азаматтарының ұстанымдары арасында үлкен сабақтастық жатыр. Көрмеге «Мәңгілік Ел - ғасырға бергісіз жылдар», «Кемеңгер», «Менің Отаным – Қазақстан» атты әдебиеттер қойылған.

     Кітап көрмесіне 150-ге жуық кітап және баспасөз материалдары, фотосуреттер ұсынылды.

«Жастар ресурстық орталығы» бастамасымен 50 студент және екі жетекші көрмені тамашалап, кітапхана аванзалында тақырып аясында студенттерге қосымша мағлұматтар беріліп, сұрақ-жауап түрінде жалғасын тапты. Осыдан соң оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерімен таныстырылды.


 

 

 

 

 


 

17 мамыр 2017 ж. 12:12
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: