«Менің Қазақстаным» сурет байқауы

     2017 жылғы 18 мамырда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Менің Қазақстаным» атты сурет байқауы өткізілді. Балалардың елін, жерін сүюге, отанының патриоты болуға, өз елімен мақтана білуге тәрбиелеу және дарынды жас суретшілерді шығармашылық ізденіске баулу мақсатында ұйымдастырылған байқауға қаладағы «Өнер» мектебінің көркемсурет бөлімінің оқушылары және А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің жаңынан ашылған «Қылқалам» үйірмесінің оқушылары қатысты.

      Балалар өз туындыларында Қазақстанның әсем қаласы Астананың келбеті, табиғаты мен кең даласы, ұлттық киімі мен музыкалық аспаттары, ою-өрнектері бейнеленген. «Менің Қазақстаным» атты сурет байқауының қорытындысы 26 мамырда қорытындылып, жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталады.


 

 

 

 

 

 

 

 


 

19 мамыр 2017 ж. 13:05
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: