«Менің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қосатын үлесім» Ток-шоу2017 жылдың 6 маусым күні сағат 11-00 де Ә. Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың оқу залы секторында «Менің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қосатын үлесім» атты ток-шоу ұйымдастырылды. Ток-шоу мақсаты : Студенттерді елге, туған жерге деген патриоттық сезімін оятып, рухани құндылықтарды игеруге, халыққа жаңашыр болуға, қолдау көрсетуге тәрбиелеу. Пікір алмасып, өзгенің ойын тыңдауға үйрету. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналмақшы. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді. Шараны облыстық кітапхана әдіскері Оспанова София ашып берді.Ток-шоу барысында «Абылай хан» колледжінің кітапхана меңгерушісі Қоспанова А, колледж қызметкері Балмахов М,облыстық халық шығармашылын дамыту орталығының маманы Усманова Ғ., облыстық кітапхана қызметкерлері Абдукаримов Н., Көшеров Е. және «Абылай хан»,«Өркениет» колледжінің студенттері өз ойларын ортаға салып, негізгі сұрақтарға жауабын бірлесе іздеп, бүгінгі күні «ЭКСПО-2017» көрмесінің халыққа берері мол екенін айқындады. Ток-шоу барысында оқырмандар «ЭКСПО-2017- Болашақ қуаты» атты слайд тамашалады.
|