KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Қолөнер - сырлы өнер»

    9 маусым күні өнер бөлімінің қонақжайында «Қолөнер - сырлы өнер» атты қолөнер шеберлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - көпшілік қауымды қазақ ұлттық қолөнерінің ерекшеліктерімен таныстыру, оның халықтың салт-тұрмысында алатын орнының қаншалықты маңызды екендігін ұғындыру, төл мәдениетімізді қастерлеуге баулу, қолөнершілердің шығармашылығын насихаттау, олардың еңбектерін көпшілікке таныстыру, тәжірибе алмасу.

    Кеш барысында шеберлер: жеке кәсіпкер, «Камшат» сән үйінің жетекшісі, 2015 жылғы «Сән мен сахна» халықаралық фестивалінің бірінші орын иегері Есқараева Райымкүл Әбілбайқызы мен Тасбөгет кентіндегі Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің технология пәнінің мұғалімі Бақтыбаева Ақбота өздерінің қызығушылықтары, алға қойған мақсаттары жайында айта келе, халық өнері шеберлік мұраларының қазіргі кезеңдегі жағдайы, сондай-ақ өнердің адамның дүниетанымына, сенімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамдарының қалыптасуына, алға қойған мақсаттарының айқындала түсуіне игілікті ықпал ететіндігі туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Адамның көпшіл, қоғамшыл болып өсуі үшін де өнерлі болудың маңызы зор екендігіне тоқталды.

     Өздерінің жасаған бұйымдарын көрсетіп, жасалу жолдарымен таныстырды.

Кеш қонақтары мен оқырмандарға тақырыпқа сәйкес ұйымдастырылған «Тарихы мол қолөнер» атты кітап көрмесі

таныстырылды.

  

 

 

 

 

 


 

12 маусым 2017 ж. 16:44
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x