«Я думал, чувствовал, я жил»
«Я думал, чувствовал, я жил»
Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және де С.Я.Маршактың шығарма-ларымен таныстыру арқылы бала бойында әсемдік, әдемілікке құштарлық қасиеттерін дамыту мақсатымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 14 маусым күні балалар ақыны С.Я.Маршактың туғанына 130 жыл толуына орай, «Я думал, чувствовал, я жил» атты жұлдызды кеш өткізілді. Мерекелік кешке қаламыздағы №198 орта мектептің «Планета детства» атты күндізгі лагері қатысты. Самуил Яковлевич Маршак өте ақылды, мейірімді, талантты, бала жанды болған. Өзінің өлеңдерін ол балаларға арнап жазды. Ол ұзақ ғұмыр кешті – 77 жас. Биыл ақынның туғанына 130 жыл толып отыр. Ақын болашақты болжап, өзінің өлеңдерін бірнеше ұрпақ оқитынын айтып кеткен. Мерекелік кеш «Я думал, чувствовал, я жил» атты слайд-шоуды көрсетуден басталды. Оқырмандармен викториналық ойындар: «Угадайки»(Маршактың жұмбақтары), «Знаешь ли ты этих героев», «Продолжи строчку» - ақынның шығармасындағы сомдалған кейіпкерлердің бейнелеген суреттерін алып шығып, өлеңдерін жатқа оқыды. Соңында балалар С.Я.Маршактың ертегілерін тамашалады.
|