KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл»

    «Бірінші байлық - денсаулық», «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей , өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты , хал-ахуалы жақсы болу мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында15 маусым күні «Салауатты өмір –көтеріңкі көңіл» атты ойын-сайыс ұйымдастырылды.

     Сайысқа №4 С. Сейфуллин атындағы мектептің күндізгі тынығу лагерінің оқушылары белсене қатысты. Қатысушылар «Болашақ»,«Салауат»атты екі топқа бөлініп, «Деніміз сау болып өсеміз», «Жұмбақтар жасыру», «Тапқыр болсаң, тауып көр», Мақалдарды аяқта, Сөзжұмбақ шешу, «Денсаулық — зор байлық», «Сұрақ-жауап», Өнерпаздар сайысы» кезеңдері бойынша сайысты.

   Шара барысында балалар өз білімдерінің жан-жақтылығын, ойлау қабілеттерін жеткізіп, салауатты өмір салтына байланысты кітаптармен танысып, көптеген мағлұматтар алды.

 

 

 

 


 

 

 


 

 


15 маусым 2017 ж. 18:52
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x