«Жүзден жүйрік»Балалардың зеректік қабілетін дамытып ой-өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау мақсатында 27 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында«Жүзден жүйрік» атты ойын-сайысты ұйымдастырды. Сайысқа №12 І.Қабылов атындағы орта мектептің «Балдәурен» күндізгі лагерінің оқушылары қатысты. Сайысқа қатысқан оқушылар екі топқа: «Білімділер» және «Тапқырлар» болып бөлінді. Екі топқа арналған интеллектуалды сұрақтар қойылды. Сайыс 5 кезеңнен өткізілді. Оқырмандармен «Менің Қазақстаным», «Мақал-мәтел», «Кім жылдам», «Сергіту кезеңі», «Қазақстан елі» /сөз жұмбақ/ атты викториналық ойындар ұйымдастырылды. Сайыстың нәтижесі бойынша-------- топ жеңіске жетті. Сайыс соңында оқырмандар кітапхана бөлімдерімен танысып, саяхат жасады.
|