«Балақай, оқы қызық!». «Ғажайып қоржын»Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі бөбектердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында 21 шілде күні «Жасмин-Орда» балалар-бақшасына «Балалар, оқы қызық!» атты танымдық қызықты кітаптарға толы жылжымалы ғажайып қоржынды ұсынды. Ғажайып қоржын ішінде балаларға арналған көркем суретті сөйлейтін кітаптар мен әлем халықтарының ертегілері, кішкентайлардың мың сұрағына жауап беретін танымдық анықтамалықтарды ұсынды. Кітапханашылар балаларға «Кім бірінші табады?», «Кім тапқыр?» ойындарын ойнатып кітапхана бөлімдері жайында әңгімелеп берді. Кітаптар толы «Ғажайып қоржын» балалар бақшасында қазан айының 1 жұлдызына дейін қалдырылды.
|
Гости14
Роботы16
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 17 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ