KITAPKHANA.KZ
kz ru

Мен Абайды оқимын

Адамзат мәдениетіне үлкен үлес қосқан әлемге ортақ тұлғалардың бірі болып саналатын Абай Құнанбайұлының өлеңдері арқылы Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында және М.Әуезовтың «Абай» романының жарық көргеніне 75 жыл және ұлы ақынның өлеңдеріне 120 жыл толуына байланысты,2017 жылдың 22 тамызы күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторы қызметкерлері «Мен Абайды оқимын» атты еркін микрофон алаңын ұйымдастырды.

Абай – ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны. Ол 1845 жылы Семей жеріндегі Шыңғыс тауының бөктерінде дүниеге келген. Абай бала кезінен ауыз әдебиеті шығармаларымен сусындап, ел ішіндегі ақын-жыршылардың өлеңдері мен дастандарын тыңдап өскен. Мұндай өмір мектебі оның ақын, дана ойшыл болып қалыптасуына ықпал етті. 13 жасында атақты жырау Дулат Бабатайұлынан бата алған Абай кейін ақын болып қалыптасты. Абай Құнанбаев тамаша поэзиялық шығармалар жазды. Ол қазақ сөз өнерін үлкен биікке көтерді.

Кешке жиналғын қонақтар Абайдың өлеңдерін қазақ, орыс. ағылшын тілдерінде оқып, түрлі викториналарға қатысты.

Шара соңында «Әлем таныған ұлы Абай» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.



 

 

 

 

 


22 тамыз 2017 ж. 16:38
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x