«Жаңа кітаптар» көрмесі

   2017 жылдың 7 қыркүйек күні облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының аванзалында «Жаңа кітаптар» көрмесі ұйымдастырылды. Оқырман назарына білімнің барлық саласындағы әдебиеттер, тарихи деректер, оқулықтар, ақын- жазушылардың шығармалары, фотоальбомдар ұсынылды. Көрмедегі төрт кітаптан тұратын «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы» атты оқулықта қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу тарихы, қағанаттар, ордалар мен хандықтар құру жолындағы күресі, отандық тарих ғылымында тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан жаңа тарихи көзқарастар және ғылыми айналымға қосылған тарихи деректер баяндалған. «Мәңгілік Ел - Қазақстан: Фотоальбомы» - Қазақстан Республикасының жалпы сипаттамасын, табиғатының көзбен көріп, тамашалауға тұрарлық, туризмі дамыған көрікті жерлерін, айтулы тарихи орындарын, қысқаша экономикалық-саяси ахуалын көрсететін, сонымен қатар қазақ халқының өзіне тән ұлттық құндылықтары мен еңбек түрлерін, маусымдық қоныстарын, салт-дәстүрлерін, киімдері мен музыкалық аспаптарын, ойындарын, тағамдары мен қолөнер бұйымдарын, т.б. ерекшеліктерін, фотосуреттермен бірге таныстыратын басылым болып табылады. Бұл басылымнан тәуелсіз жас мемлекет - заманауи Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген тұлғалар туралы да білуге алады. Кітап үш тілде жарық көрген. «Қазақтың зергерлік өнер әлемі» кітабы қойылды. Бұл кітапта зергерлік өнерінің ежелгі заманнан бүгінгі дейінгі бірқатар озық үлгілері, белгілі қолөнер шеберлердің туындылары қамтылған. Орыс тілінде би өнерінің құдіреті, жаттығулары, қимылдары, заманауи бидің түрлері туралы мынадай кітаптар шығуда.«Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен Жұмекен Нәжімеденовтың «Ақшағыл», «Даңқ пен дақпырт»,» Кішкентай», т.б. кітаптары қойылды.«Әйгілі адамдар өмірінен» сериясымен Ә.Кекілбаев, Б.Момышұлы, Ә.Нұршайықов, О.Сүлейменовтың кітаптары шықты. Көрмеден ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Тамаша айым - тамызым» атты таңдамалы өлеңдер топтамасы, белгілі жырау жерлесіміз Алмас Алматовтың шығармашылық жолының энциклопедиялық жинағы күйінде топтастырылған «Жыр керуені»еңбегі, әдебиет зерттеушісі Серікқазы Қорабайдың қазақ әдебиетінің ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихының түрлі кезеңдерінен сырт шерткен «Нәрлі тамырлар» кітабы, тағы басқа көптеген кітаптар орын алды. Көрмеге жалпы саны 240 дана жаңа кітап ұсынылды. Көрмемен кітапхана қызметкерлері танысты.


 

 

 


 

07 қыркүйек 2017 ж. 18:56
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: