«Дамудың бетбұрыс белесі» («100 нақты қадам» Ұлт жоспары)

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 15 қыркүйегі күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын зерделеу, Ұлт жоспарын іске асыру маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Дамудың бетбұрыс белесі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

  Шараға Қызылорда гуманитарлық колледжінің директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, педагог - психолог Қосжанова Айнұр Сатыбайқызы, «Жастар» комитетінің төрағасы Сүгірбай Жарылқасын, №15 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Аққожаева Аида Жұмабекқызы,Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Бекмағанбетова Гүлназ Мырзабекқызы, Қызылорда гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті Жақсыбекова Шұғыла, Абылай атындағы колледжінің кітапханашы сы Қоспанова Айымкүл,№5547 әскери бөлімі кітапханасының меңгерушісі Пазыл Мейрамгүл Оразалықызы және колледж студентері қатысып, мемлекет басшысының Ұлт жоспарынан туындайтын реформалық бағыттардың мақсаттары мен міндеттердің іске асырылуы жайына тоқталды. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына байланысты ой-пікірлер ортаға салынды.Сондай-ақ қатысушылар қоғамның алдында тұрған міндеттер Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиістігін, оның ең негізгісі – сапалы білім мен саналы тәрбиені жүзеге асыру екенін алға тартты.

    Шара барысында «Мәңгілік ел мұраты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


 

 

 

 


 

15 қыркүйек 2017 ж. 16:28
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: