«Танысыңыз! Жаңа әдебиеттер!»

   21 қыркүйек күні өнер бөлімі М.Мәметова атындағы гуманитарлық педагогикалық колледжінде Ақпарат күнін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: оқырмандарға кітап оқуды насихаттау, жаңа әдебиеттермен таныстыру, салалық әдебиеттерге деген пайдаланушы қызығушылығын арттыру. Ақпарат күні аясында колледждің өнер бөлімінің оқытушылары мен студенттерінің назарына бөлім қорына жаңадан келген әдебиеттер ұсынылды.

     Таныстырылған әдебиеттердің ішінде: «Мәңгілік Ел-Қазақстан» фотоальбомы, еліміздегі танымал 178 шебердің қолөнер бұйымдары бейнеленген үш тілде жарық көрген «Қазақтың зергерлік өнер әлемі» атты 2 томдық, суретшілерге арналған отандық және әлемдік суретшілердің репродукциялары жинақталған «Мәңгілік құндылықтар» атты кітап, еліміздегі 130 этнос өкілдерінің өнері жайында кеңінен суреттелген «Қазақстан халқының өнері» атты жинақ бар. Сонымен қатар болашақ музыка мамандарына және музыкадан дәріс беретін оқытушыларға арналған Ресей баспаларынан жарық көрген көптеген кәсіби басылымдар таныстырылды. Дауыс қою методикасы, кәсіби би қимылдарын үйрететін, болашақ театр қызметкерлеріне және суретшілерге арналған әдістемелік құралдар ақпарат алушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Шара барысында колледж оқытушылары мен студенттер назарына барлығы 52 дана кітап таныстырылды.

 

 

 

 


22 қыркүйек 2017 ж. 12:50
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: