Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында С.Торайғыровқа арналған «Алаш идеясының жаршысы»

    Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жыл кітабына таңдалған ақын,ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын насихаттау жалғасын табуда.

      Осы орайда, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 22 қыркүйек күні «Алаш идеясының жаршысы» тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырылды.

     Көрнекті алаштанушы Мәмбет Қойгелдиевтің сөзімен айтсақ: «Алаш халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харекеті».

     Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алдажар Әбілов және профессор Қазбай Құдайбергеновтер қатысып, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының отарлық езгіге қарсы күресі, тәуелсіз мемлекет құрудағы жанкешті әрекеті кеш барысында сөз етілді.

 

 


22 қыркүйек 2017 ж. 17:11
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: