KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Латын әліпбиі – рухани тәуелсіздік жолы»

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 17 қазан күні «Латын әліпбиі – рухани тәуелсіздік жолы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Елбасы латын қарпіне көшу күрделі үдеріс екенін, сондай-ақ оның мақсаты тілімізді дамыту және оны әлемдік ақпараттық кеңістікке шығару үшін жағдай жасау болып табылатынын, мемлекеттік тілді реформалау рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.

   Көрмеге өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы қазақ және орыс зиялы қауым өкілдерінің латын әліпбиінде жазылған 30-ға жуық кітабы қойылды. Олардың арасында А.Байтұрсыновтың «Әліп-би» кітабы, Дала поэмалары, «Исатай мен Махамбет», «Бекет батыр», «Айман-Шолпан», «Біржан мен Сара» айтысы, А.Құнанбайұлының, І.Жансүгіровтың, С.Торайғыровтың, Б.Майлиннің кітаптары, М.Әуезовтың «Тас түлек» кітабы, орыс жазушылары мен түрлі ғылым өкілдерінің қазақ тіліне аударылған оқулықтары, мектепке қажет оқу құралдары, анықтамалықтар бар. Көрмемен танысушы кітапхана оқырмандары, жастар латын әрпінде жазылған құнды әдебиеттерді көріп, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатын шығармалармен танысты. Көрмемен танысу жыл аяғына дейін жалғасатын болады.


 

 

 

 

 

 


 

19 қазан 2017 ж. 09:41
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x