«Сәлем, саған алтын күз!»

25 қазан күні сағат 11.00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында сағат балаларды ерте жастан кітап оқуға тарту, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, туған жердің табиғатына поэзияға, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктері мен эстетикалық көз-қарасын, көркем әдебиетке деген танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында – «Ералаш» балалар-бақшасының бүлдіршіндері мен ата-аналарының қатысуымен «Сәлем, саған алтын күз!» атты күзгі бал өткізілді. Мереке өте қызықты өтті.Түрлі-түсті көркем костюм киген балалар жатқа өлеңдер оқып, жұмбақтар шешіп, өлең-жыр айтып, ертегілерді сахналады. Ал, кітапхана аванзалында балалар мен ата-аналар бірлесе дайындаған «Дары осени» қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.


 

 

 

 

 

 

 

 


25 қазан 2017 ж. 18:29
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: