Бір жұлдыз боп жанам мен... (З.Шүкіров 90 жасқа толуына орай жыр кеші)

    Зейнолла Шүкіровтың туғанына 90 жыл толуына орай Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бір жұлдыз боп жанам мен...» атты жыр кешін ұйымдастырды.

     Шара мақсаты ақын, жазушы З.Шүкіровтың шығармашылығымен, оқырман қауымға кеңінен таныстыру.

    Аталмыш іс-шараға Болашақ медициналық колледжінің медицина биофизика пәнінің оқытушысы Алпысбай Шүкіров, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Әлімсақ» ұстаз мәртебесі газетінің тілшісі Толыбай Абылаев, С.Ысқақов атындағы «Құрылыс және бизнес» колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Д.Дәлиева, Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Қосжанова, №140 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Марал Қосанова қатысты.

    Абылайхан атындағы колледж студенті Нұржанова Айдана жазушының «Сыр бойы» атты тарихи романы туралы өз пікірімен бөлісіп, әрі ақынға арнаған өлеңін оқыды. Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Қосжанова қаламгердің баға жетпес мол мұраларын оқуға шақырды.

    Шара барысында «Кездесу» клубының мүшелері А.Нетуллина, Г.Құрмабаева, Г.Рамазанова, Зейнолла Шүкіровтың «Ай», «Уақыт», «Уа, балалық қүндерім», «Өкініш», «Ауруханада», «Табиғат туралы бір ой» өлеңдерін және З.Шүкіровтың рухына арналған Толыбай Абылаевтың «Қыран шайыр» атты арнауын көрермендерге тарту етті.

   Кеш барысында «Қайсар рухты ақын» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды. Қатысушылар З.Шүкіровтің сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы» әнін тыңдап, бейнебаян және фото-шежіре слайдты тамашалады.


 

 

 

 


 

15 қараша 2017 ж. 18:50
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: