«Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам!» (әдеби кеш)

     Елімізде 2007  жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіліп келеді.

    Акция ұлы ойшыл Абайдың «Қара сөздерін» насихаттаумен басталып, биылғы жылдың «Жыл кітабына» ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалды. Жыл көлемінде кітапханада ақынның шығармашылығын насихаттауда түрлі шаралар ұйымдастырылды.

     Кітапханада  21 қараша күні ««Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам!»  атты әдеби кеш ұйымдастырылды.  Әдеби кештің мақсаты Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдеби мұрасы, жалынды жырлары  арқылы жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерін сіңіру. Шара барысында оқырмандар Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығынан мағлұмат алып, жыр шумақтарын мәнерлеп оқып, ақынға деген  арнауларын тарту етті. Шараға кітапхана оқырмандары, оқытушылар, студенттер қатысты. Қатысушыларға «Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы» атты кітап көрмесімен танысты.







 
22 қараша 2017 ж. 10:24
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: