«Таңғажайып кітап әлемі» /көрме-сайыс/

    Өскелең ұрпақтың кітап оқу үрдісін дамыту, шығармашылыққа баулу, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында – Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 29 қараша күні «Таңғажайып кітап әлемі» атты көрме сайысының қорытындысын өткізді. Бұл сайыс үстіміздегі жылдың 15 наурызынан бастап 15 қараша аралығында ұйымдастырылған болатын. Сайысқа 10 жас пен 14 жас аралығындағы оқырмандар қатысты. Сайыстың басты шарты – көрмеге қойылған кітаптардың барлығын оқып, кітап жайында өз пікірлерін сауалнама арқылы білдіріп, әрбір оқыған кітабы жайында жарнама дайындау болатын. Сайысқа қаламыздағы мектептерден 45 оқушы қатысты. Бірақ, сайыс нәтижесі бойынша жүзден жүйрік жеңімпаздар анықталды. Атап айтқанда, №12 І.Қабылов атындағы орта мектептің 8 «Б» сынып оқушысы Серік Назым I-дәрежелі дипломмен, №12 І.Қабылов атындағы орта мектептің 5 «Ә» сынып оқушысы Ақбота Әбділхамитова   II- дәрежелі, Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебінің 5 «В» сынып оқушысы Ақбота Көпжасарқызы III-дәрежелі дипломмен марапатталып, №12 І.Қабылов атындағы орта мектептің 7 «В» сынып оқушысы Разия Жүсіп «Кітапқұмар», Әли Мүсілім атындағы №101 мектеп-лицейдің 9 «В» сынып оқушысы Аружан Серікбай «Ең үздік оқырман», №101 мектеп-лицейдің 8 «Ә» сынып оқушысы Томирис Ибрагим «Кітап оқудың көшбасшысы» номинацияларына ие болды. Сайыс жеңімпаздарына кітапхана әкімшілігі атынан сыйлықтар берілді.






   

30 қараша 2017 ж. 11:45
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: