«Төртінші өнеркәсіптік революция жайғдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

     Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы еліміздің дамыған 30 елдің қатарына жеделдетіп қосылуына мүмкіндік беретін бағыттарға  басымдық берумен ерекшеленіп отыр. 

     Осы орайда, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында   «Төртінші өнеркәсіптік революция жайғдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Маңызды он бағыттан тұратын Елбасы Жолдауы -  жаңа мақсаттарға жетелейтін басты құжат болып табылады.  Биылғы жолдау ел экономикасына жаңа импульс берері де анық және де бұл жолдау біздің елдің экономикасын әрмен қарай дамуына септігін тигізетініне, елміздің рухани дамуын қамтамасыз етпек.
    Өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаев: «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде» - деді.

     Бұл Жолдау – жаңа әлемге – Төртінші өнеркәсіптік әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу қажеттілігін айқындайтыны анық.

Көрменің негізгі мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы -  болашақтың кепілі екенін жас буынға жеткізе отырып,  әрбір Қазақстан азаматының өмірін жақсартуға арналған, нақты істі атқаратын бағдарлама екенін жете түсіндіру.

    Көрмеге    А.Таникееваның «Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері», К.З. Хамитованың «Экономика және кәсіпкерлік негіздері», А.Есентугеловтың «Экономика независимого Казахстана», «Человеческий фактор» І, ІІ, ІІІ томдығы, А.Сұлтанбекова  «Бизнестегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар», С.Глозьев, О.Сәбден «ХХІ ғасырдың технологиялық жаңғыруы» және т.б. 350 - ге жуық  әдебиет   пен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар қойылды.

 
11 қаңтар 2018 ж. 16:57
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: