«Жұлдызы биік жыр - жаһан»

     Ә.Тәжібаев шығармаларын кеңінен насихаттау, сөз байлығымыздан нәр алып, сусындап отырған бұлақтардың көзін ашу, оқырмандардың ұлттық поэзияға деген талғамын өсіру, өнер сүйер қауымға қуаныш сыйлау мақсатында,  2018 жылдың 2 ақпан күні  оқу залы  секторында қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі, қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, жерлесіміз Әділдә Тәжібаевтың   шығармашылығына  арналған   «Жұлдызы биік жыр - жаһан»    атты жыр кеші өтті.

     Кешке қатысушы жыр сүйер қауым бейнепроектор арқылы  Ә.Тәжібаев туралы деректі фильм тамашалады.  Кешке қатысушы қонақтар: «Qyzylorda» телеарнасының қызметкері, ақын Толқын Қабылша, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының оқытушысы Серікхан Жүзеев  Ә.Тәжібаев туралы естеліктер айтып, жырдан шашу шашты. «Жауқазын – ғұмыр» клубының мүшелері жас ақындар: М.Маратқызы, Г.Мұқашева, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің студенті Б.Назар ақынға арнау шығарып, өлеңдерін оқыды.     Сонымен қатар сахна төріне тау тұлғалы ақынға арналған, ерекше үлгідегі көрме -  экспозиция жасалынды. Ақынның өзі пайдаланған, өзі тұтынған дүниелері, жазған хаттары, оқырмандар әлі де таныспаған  фото-суреттері қойылды.

      Шараға  «Өркениет», «Ұлағат»  колледждерінің оқытушылары мен студенттері қатысты.








 
02 ақпан 2018 ж. 09:16
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: