KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Тағдырым теңізбен тағдырлас» (С.Жұбатыровтың 70 жылдық мерейтойына арналған )

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында көрнекті   жазушы, эколог, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері С.Жұбатыровтың 70 жылдық мерейтойына  арналған  «Тағдырым теңізбен тағдырлас»  атты кездесу кеші өткізілді.

  Шара мақсаты жастарға  туған өлкеміздің танымал тұлғасы, көрнекті қаламгер, эколог Сайлаубай Жұбатыровтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сайлаубай Жұбатыровтың шығармаларын оқыған сайын өзіндік жазу стилімен көрінетін өз өрнегі, өз қолтаңбасы, бай сөздік қорын орын-орнына қойып пайдалана алатынын байқаймыз. Жазушы тұңғыш рет 1967 жылы «Білім және еңбек» журналында «Аралды қайтсек сақтаймыз?» деген проблемалық мақаласымен, «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған «Боз айғыр» әңгімесімен көрінді. 1971 жылы жастарға арналған шығармалардың жабық бәйгесінде «Алыстағы аралдар» повесімен 2-орынды жеңіп алды. «Отты өткел», «Бумеранг» повестері, бірсыпыра әңгіме-новеллалары «Жасыл сағым» (1978), «Алыстағы аралдар» (1980), «Зеленый мираж» (орыс тілінде, 1984) жинақтарында және бірнеше ұжымдық жинақтарда жарық көрді. «Алақандағы ұя» әңгімесі әлемнің бес тілінде жарияланды.  «Абыржы»  трилогиясы   жарыққа шықты. С.Жұбатырұлы елуге тарта шетел көркем фильмдерін аударған.

    Аталмыш шараға қатысушы қонақтар: облыс әкімінің орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әміреұлы Махмұтбай, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сәдібекұлы Айжарық, Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі Әмір-Темір Хұсейін,     ҚМУ қазақ тілі мен әдебиеті және  журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Тұяқбаев Ғабит Әнешұлы, филология ғылымдарының профессоры Бекмағанбетов Шанжархан,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әбілев Алдажар Әбдірасуллеұлы,  Қызылорда облысы бойынша экология Департаменті басшысы Құрманбаев Марат Ердаулетұлы, журналист, «Әлімсақ» журналының редакторы Нұрлан Көбегенұлы,  «Кездесу» клубы мүшелері, оқырмандар және БАҚ өкілдері қатысты. Шара қонақтары Сайлаубай Жұбатыровтың шығармаларын азаматтық, патриоттық, отаншылдық, психологиялық, философиялық терең толғанысымен берілгені туралы өз пікірлерімен бөлісті, қаламгердің баға жетпес мол мұраларын оқуға шақырды.

         «Кел, теңіз, сырласайық» атты Сайлаубай Жұбатыровтың монологын  кітапхана оқырманы Тынымбайұлы Еркебұлан оқыды. 

          Кеш барысында  «Табиғат тамыршысына айналған талант» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.






05 ақпан 2018 ж. 17:02
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x