«Бабаға құрмет – ұрпаққа міндет» (Батыр Келмембет Келдібайұлының туғанына 370 жыл)Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 8 ақпан күні батыр Келмембет Келдібайұлының туғанына 370 жыл толуына орай «Бабаға құрмет – ұрпаққа міндет» атты тарихи кеш өткізілді. Мақсаты: жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру, елін, жерін қастерлеуге баулу. Келмембет батырдың ерліктерін насихаттау. Келмембет Келдібайұлының есімі қазақ баласы үшін аса қадірлі де қастерлі есімдердің бірі. Әрі батыр, әрі би бабамыздың ерлік өмірі жайында тарихшылардың ғылыми еңбектерінде аз айтылып та жазылып та жүрген жоқ. Шараға Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің оқытушылары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ұ.Н.Жаңбыршиева, А.Е.Айтбаева, ғылыми қызметкері Б.М.Ахметбек, «Кездесу» клубының мүшелері Р.Арғынбаева, Ж.Иманбаева, А.Жұбатыров, «Ұлағат» колледжінің студеттері және жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері қатысып үш жүздің әйгілі батыры атанған бабаның еліміздің тәуелсіздігі, халқының бостандығы жолында көрсеткен теңдессіз ерлігі, даналығы, әулиелігі туралы жаңа деректермен бөлісті. «Байрақты батыр - Келмембет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шара қонақтарының назарына ұсынылды. |